«Сапа Су» ЖШС-нің ұжымы жаңа Конституцияны қолдайды

Жаңалықтар
view 38
news

Фотосурет: дереккөз

Қосшы қаласындағы темірбетон бұйымдарын өндіретін «Сапа Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымы алдағы республикалық референдумды қолдайды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ агенттігі.

Құрылыс саласында сапалы өнім шығарып, өңірдің инфрақұрылымдық дамуына үлес қосып отырған кәсіпорын қызметкерлері бұл маңызды саяси науқан ел болашағы үшін шешуші кезең екенін атап өтуде.

Кәсіпорын ұжымы жаңа Конституция – тек құқықтық құжат қана емес, ол қоғамның жаңаруына, әділетті әрі жауапты мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруға негіз болатынын айтады.

Әсіресе экономиканың нақты секторында еңбек етіп жүрген азаматтар үшін тұрақтылық пен заң үстемдігі аса маңызды.

«Сапа Су» ЖШС -нің директоры Зәуре Сахипова ұжым атынан тұрғындарға үндеу жолдады:

«Біздің кәсіпорын үшін тұрақтылық пен сенімді болашақ – басты құндылық. Біз күн сайын сапалы құрылыс материалдарын шығару арқылы ел дамуына өз үлесімізді қосып келеміз. Жаңа Конституция еліміздің одан әрі өркендеуіне, әділетті қоғам құруға берік негіз болады деп сенеміз. Сондықтан біз референдумды қолдаймыз және барша азаматтарды ел болашағына бейжай қарамай, өз таңдауларын жасауға шақырамыз», – деді Зәуре Сахипова.

Ұжым мүшелерінің пікірінше, әрбір дауыс мемлекетіміздің тұрақты дамуына қосылған үлес. Кәсіпорын қызметкерлері алдағы референдумға белсенді қатысуға дайын екендерін білдіріп, ел бірлігі мен ынтымағы Қазақстанды жаңа белестерге жетелейтініне сенім білдірді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *