Сәпиев пен Есімхановтың арасындағы жанжал неден туындағаны белгілі болды
Жаңалықтар
20
Фотосурет: әлеуметтік желіден
ММА-ден әлем чемпионы Айдар Махметов бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімхановтың арасында ешқандай төбелес болмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Махметов әлеуметтік желідегі парақшасында Серік Сәпиевпен "жаңа ғана" сөйлескенін жазды.
"Оның орынбасары Есімхановпен арадағы жанжал таза жұмыс мәселесінен туындаған. Бірі екіншісіне құжат беруден бас тартқан. Ешкім ешкімді ұрған жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарын ондай алып-қашпа әңгімені таратпауды сұраймын", - дейді Махметов.
Оның сөзіне қарағанда, Сәпиев пен Есімханов арасындағы мәселе шешілген. Екеуі ымыраға келген.
Пікірлер (0)