«Шашынан сүйреген»: Маржан Арапбаева күйеуінің үстінен арыз жазды
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Әнші Маржан Арапбаева өзін соққыға жыққан азаматтық некедегі күйеуінің үстінен арыз жазды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде 43 жастағы Ербол Нұрмұхамбетовтің қоғамдық жерде балағат сөз айтып, Маржан Арапбаеваны соққыға жыққаны жайында ақпарат тарады. Астана полициясы бұл оқиғаның болғанын Sputnik Қазақстанға растады.
Әншінің күйеуі қоғамдық жерде балағат сөз айтқаны үшін әкімшілік жазаға тартылған. Бұл ұсақ бұзақылық саналады.
Сондай-ақ жанжал кезінде ол азаматтық некедегі зайыбына қарсы күш қолданған. Оған қатысты дене жарақаттарын келтіру фактісі бойынша қосымша арыз тіркелді, - дейді полицейлер.
Сот шешімімен басбұзар былапыт сөз айтқаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.
Қазір соққыға жығу ісі бойынша қосымша арыз қаралып жатыр.
Пікірлер (0)