Сатқындығын кешіре алмадым: 40 жыл отасқан күйеуінің екінші отбасы бар екенін білген әйел депрессиядан шыға алмай жүр
Фото: pixabay.com
Әйел 40 жыл отасқан күйеуінің сатып кеткенін баяндаған, - деп жазады janabastau.kz Aykin.kz-ке сілтеме жасап.
«Менің 40 жыл бірге тұрған жолдасымның басқа отбасы бар болып шықты. Жолдасым біздің кішігірім қалада өмір бойы бір зауыттың басшысы болды. Айлап Алматыға сапарға кететін, 4 баламызға мықты білім бердік, бәрі шетелдерде оқып, сол жақта жақсы қызметке орналасты. Балаларымыздың бәрі үйленді. Мен марқұм енем екеуміз үйдің тірлігімен өмір сүріп жаттық. Жолдасым екеуміз жастай қосылдық, ол кезде 20-дан асқанбыз. Мен оны әрқашан қолдап жүрдім, бірге өмірдің ыстық-суығын көрдік. Балаларымызға жақсы тәрбие бердік, ешқашан ұрысқан емеспіз. Жасым 60-тан асқанда жолдасым мені сатып кетеді деп ойламадым, қазір 70-ке келдік", - деп жазған әйел.
Отағасы бір күні Алматыға жұмыс бабымен сапарлап кетеді, сол кезде әйелі “аман-есен жеттің бе?“ деп хабарласқан.
“Бәрі жақсы уайымдама, ұшып келдім, қонақүйге кіріп барамын» деді. Сол кезде асығып телефоны өшірілмей қалды, мен трубканы ұстап тұрмын. Ары жақтан “Папа, папам келді деген қыздың дауысы шықты... бәрін естіп тұрмын.., жаным, сені қатты сағындық қой...” деген жас әйелдің дауысы шықты. Мен өз құлағыма өзім сенбей қатып қалдым. Оның екінші әйелі біздің үлкен қызымызбен жасты екен, қыздары немереммен жасты болып шықты. Сол кеткеннен 10 жыл болып қалды, қазір жалғыз тұрып жатырмын. 3 жыл төсек тартып жаттым, депрессиядан шыға алмай көпке дейін қиналдым. Қыздарым шетелге алып шығып көңілімді аулаған болады, бірақ әлі жүрегімде. 40 жыл бірге өмір сүрген күйеуімнің сатқындығын кешіре алмадым. Күйеуім жас әйелімен бақытты өмір сүріп жатыр», — деп жазылған жазбада.
Пікірлер (0)