Шахмұрат Мүтәліп: Жаңа Конституция еліміздің қуатты экономикасы мен салауатты қоғамының берік іргетасын қалайды деп сенемін
Фотосурет: ҚБФ
Қазақстан Бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп Жаңа Конституцияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
«Көп жылдан бері кәсіпкерлікпен айналысып, спорт саласын қолдап келе жатқан азамат ретінде мен бір нәрсеге кәміл сенемін: мықты мемлекет тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, ең алдымен адамдарымен өлшенеді.
Сондықтан Жаңа Конституция мен үшін — мемлекеттік-саяси жүйенің жаңа моделіне көшу нышаны. Оның өзегінде еңбекқор азаматтар, сонымен қатар әрбір отбасы тұр.
Ең бастысы, мемлекеттің даму өлшемі ретінде барлық азаматтардың әл-ауқатының өсуі айқындалған. Жастардың болашағы айқын болғанда, балалардың сапалы білім алуына мүмкіндік болғанда біз шын мәнінде ілгері жылжимыз.
Мен Жаңа Конституция еліміздің қуатты экономикасы мен салауатты қоғамының берік іргетасын қалайды деп сенемін. Кәсіпкер, әрі өз елінің азаматы ретінде мен осы болашаққа өз үлесімді қоса беруге дайынмын», — деді Шахмұрат Мүтәліп.
Пікірлер (0)