«Сахнада 50 жыл жүргенім жеткілікті деген ой келді»: Әнші Роза Рымбаева ел күтпеген жаңалық айтты
Фотосурет: әлеуметтік желіден
Белгілі әнші, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева соңғы уақытта шығармашылық жолын қайта саралап, алдағы жоспары жөнінде ой бөлісті, деп жазды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Alash.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі бұл туралы «Таңшолпан» бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
Оның сөзінше, өткен өмір жолына көз жүгірткен сәттерде сахнаға келуіне себепкер болған жандар, әсіресе өмірлік серігі Тасқын жиі еске түскен.
Роза Рымбаева биылғы жыл өзіне көп ой салғанын атап өтті. Алғаш сахнаға жетелеп, кәсіби қалыптасуына ықпал еткен жары Тасқынды еске ала отырып, өнердегі ұзақ жолы туралы толғанғанын жеткізді.
«Кей сәттерде сахнада 50 жыл жүргенім жеткілікті шығар деген ой келеді. Кейбір адамдар жастарға жол беру керек деген пікір айтады. Алайда мен ешкімнің жолын бөгеп жүрген жоқпын деп есептеймін. Мүмкін, ірі жобаларға емес, тек концерттерге қатысып жүру керек пе деген ой да болды. Дегенмен концерттерге деген сұранысты көріп, көрерменнің әлі де күтіп жүргенін аңғардым», – деді әнші.
Пікірлер (0)