Семейде үлкен ойын-сауық орталығы өртке оранды
Фотосурет ашық дереккөзден
Осы сәтте Абай облысының өрт сөндірушілері Семей қаласында Шугаев көшесінде орналасқан ойын-сауық орталығында шыққан өртті сөндіріп жатыр, – деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Хабарлама түскен сәттен бастап алты минут ішінде күштер мен құралдар оқиға орнына жетті. Алғашқы бөлімшелер оқиға орнына жеткен сәтте ғимарат ашық жалынмен жанып жатты. Өрт өршіп, шатыр ішінара құлаған. Әкімшілік өкілдерінің айтуынша адамдар өздігінен эвакуацияланған.
Өрт сөндіру жоғары өрт жүктемесі мен қатты түтінмен күрделенуде.
Өртті сөндіру үшін периметр бойынша су шашыратқыштар, сонымен қатар биік техника арқылы су жеткізу жұмыстары жүргізілуде.
Өрт орнында өрт сөндіру жедел штабы құрылды. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.
Өртке қарсы қызметі жоғаы ранг бойынша жұмыс жасауда.
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Өртті сөндіру жалғасып жатыр.
Өртті сөндіру барысында қабатаралық жабынны құлады.
Өрт жүктемесінің жоғары болуы, қою түтін және ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері өртті сөндіру жұмыстарын қиындатуда.
ТЖД 8 (7222) 35-38-36 жедел желі телефоны іске қосылды.
ТЖМ жедел штабы құрылды. Оқиға орнында ТЖМ жеке құрамынан 120 адам мен 21 бірлік техникасы жұмылдырылды.
Пікірлер (0)