Шенеунік мүгедектігі бар адамдардан пара алып келген
Сурет: Ашық дереккөзден
Жетісулық шенеунік осал топтағы адамдардан тұрақты түрде пара алып отырды деп күдікке ілінді, деп хабарлайды janabastau.kz.
Агенттіктің Жетісу облысы бойынша департаменті Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті Жетісу облысы бойынша департаментінің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
Ол мүгедектікті ұзартқаны және тағайындағаны үшін 2 және 3-санаттағы мүгедектерден делдалдар арқылы жүйелі негізде 20-дан 25 мың теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілінді.
Кінәсін толық мойындауына байланысты сот күдіктіге қатысты "электронды білезікті" қолдану арқылы "үйқамақ" бұлтартпау шарасына санкциялады. Тергеу жалғасып жатыр.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Пікірлер (0)