Шерзат Болаттың өлімі: Тергеу аяқталып, іс сотқа жолданды
Фото ©️ Tengrinews.kz
Талғарда 16 жастағы Шерзат Болаттың (Полат) өліміне қатысты тергеу толық аяқталды. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаменті хабарлады, деп жазады janabastau.kz.
"Қылмыстық іс бойынша барлық тараптар тергеу материалдарымен танысты. Іс прокурорға жіберіліп, сотқа жолданады", – делінген ресми хабарламада.
Тергеу барысында 40 сот-медициналық сараптама жүргізіліп, шамамен 200 куәгерден жауап алынды. Барлық күдіктілердің оқиға орнында берген айғақтары тексерілді, процесс қатысушылары арасында беттестіру жүргізілді, сондай-ақ қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған басқа да тергеу әрекеттері жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, 8 бейнематериал зерттеліп, қылмысқа қатысы бар барлық тұлғаларға құқықтық баға берілді. Сарапшылар бейнежазбаларды егжей-тегжейлі талдап, ондағы оқиғалардың заңды бағасын анықтауға бағытталған кешенді зерттеу жүргізді.
"Қылмыстық істің жалпы көлемі 62 томды құрайды. Онда барлық жиналған дәлелдер, сараптамалық қорытындылар, куәгерлер мен күдіктілерден алынған жауаптар хаттамалары, оқиға орнындағы тексеру нәтижелері, сондай-ақ тергеудің барлық кезеңінде жүргізілген басқа да құжаттар қамтылған.
Әрбір тергеу әрекеті қылмыстық-процессуалдық заңнама талаптарына сай жүргізілді, заңдылық, ашықтық және объективтілік толық қамтамасыз етілді. Тергеу барысында іс бойынша барлық айғақтар жан-жақты тексеріліп, оқиғаның шынайы көрінісін қалпына келтіру үшін барлық қажетті шаралар қабылданды.
Бүгінгі таңда күдіктілерге қатысты барлық дәлелдер жиналып, тергеу нәтижелері прокуратураға тапсырылды. Сот отырысында іске қатысы бар тұлғаларға қатысты түпкілікті шешім шығарылады.
Пікірлер (1)
Hi, I just visited janabastau.kz and wondered if you'd ever thought about having an engaging video to explain what you do? Our videos cost just $195 for a 30 second video ($239 for 60 seconds) and include a full script, voice-over and video. I can show you some previous videos we've done if you want me to send some over. Let me know if you're interested in seeing samples of our previous work. Regards, Joanna Unsubscribe: https://removeme.live/unsubscribe.php?d=janabastau.kz