Шаһарда газдандыру мәселесі шешілмек

Редакция таңдауы
view 87
news

Тамыз айында Қосшыдағы газ құбырының жобасы мемлекеттік сараптамаға тапсырылады. Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов редакцияның сұрағына жауап бере отырып, газдандырудың қай кезеңде екенін айтты. Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша шілде айында Қосшы қаласында жеткізу және ішкі газ тарату желілерін жобалау аяқталды. Бүгінгі таңда газ құбырын салу үшін жер учаскелерін ресімдеу жүзеге асырылуда. Әзірленген жобаға сәйкес жобаның қосылу нүктесі Астана қаласының газ құбыры желілері болып табылады. Тамыз айында жобаны «Мемлекеттік сараптама» РМК нәтижелерін алу үшін жіберу жоспарлануда», делінген жауапта. Сондай-ақ Ақкенжеков жобаға қаражат бөлу тәртібіне назар аударды. «Осыған байланысты бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бола отырып, министрлік Ақмола облысы әкімдігінен Қосшы қаласын газдандыруды қаржыландыруға бюджеттік өтінім түскен кезде бюджет заңнамасына сәйкес қарауға дайын. Республикалық бюджет комиссиясының оң шешімі болған жағдайда жобаны іске қосу 2024 жылы жоспарланып отыр», - деп толықтырды вице-министр. Ел тұрғындарын газбен қамтамасыз ету – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұдайы назар аударып отырған басым бағыттардың бірі. Қаланы газдандыру мәселесі шешілсе, халықтың қуанышында шек болмайтыны айдан анық. «Пеш жақпай, газға көшсек, тұрмысымыз жақсарып, әл-ауқатымыз артады. Расымен де, қолға алынған іс жалғасын тапса, жаңа кезеңге қадам басамыз. Көгілдір отын келсе, аймақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылып жатқанына көзім жетеді», дейді ақ жаулықты қала тұрғыны Аягөз Құрманғалиева. Бүгінде елді мекендерді газдандыру мәселесі басты назарда және табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары қарқын алуда. Халық үшін, ел игілігі үшін жасалған шара кідіріссіз жүзеге асуымен тиімді.

«Jańa Bastau» газетінен алынды

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *