ШЫНАЙЫ КЕЛБЕТ
Редакция таңдауы
98
– Карипбаев Қуат Қапезұлы алдын ала жіберген өмірбаяныңызбен таныстым. Шығыста дүниеге келген екенсіз дәлірек айтсақ Самар ауданында. Балалық шағыңыз, туған мекеніңіз жайлы сыр шертсеңіз?
– Қалаға келіп қапас тіршіліктің күнін кешу өте қиын ғой. Мен ауылда өстім. Әр қазақ ауылда туып, өсіп –
өніп қалаға келген шығар. Ауыл ол қазақияның исі бұрқыраған мекен емес пе. Шырайлы Шығыстың ұлымын балаң кезеңім Самар ауылында өтті. Мектеп оқып жүргенде, еркін күреспен 4 жыл шұғылданғанмын.
– 2001 жылы жол апатына ұшырадыңыз ескі жараның ауызын тырнағымыз келмейді әрине бірақ, бүгінгі біздің тақырып: «Шынайы келбет» -
айтып берсеңіз?
– 2001 жылы мектеп бітірдік, асқақ арман, қиял қанатында самғадық. Арманым асқақ болды. Әскерге барамын деп жүргенмін. Бірақ, өкінішке орай жолдас досыммен жол апатына түсіп қалдық. Апат айтып келмейді. Адам балсы басына осындай қайғы арқаламайды ғой. Әттең, іштегі өкініш бір жола өртеніп, қайта тұтанбай күлге айналса, шіркін! Басқа салған тағдыр ма, жазымыш па көнесің және осы күніңе шүкір етесің. Құдай қалап досым зардап шеккен жоқ. Ал, менің аяғымды кесуге тура келді. Емханадан шыққан соң, ата анамнын, туыстарымның және достарымның қолдауымен өзімді мүгедек деп санаған емеспін. Құдайдың қалауымен жанымда әрдайым жақсы адамдар болды. Кез келген жағдайда, ең бастысы жаның да қолдайтын адамдар болу керек.
– Сізге ауыр соққы болғаны рас. Осы апат сіздің психологияңызға қалай әсер етті, қалай жеңдіңіз?
– Адам қандайда бір жағдаятқа тап болғанда дағдарып қалатыны рас. Ішкі ойың жеңіп, қоғамнан бөлектеніп өзің жеке дара болғың келетін кезеңдер болады. Ішкі жан дүниеңді жеңу үшін сыртқы күштің әсері көп болу керек. Жаныңды баурап алып, өмірге құлшыныс сыйлағанда жақындарың анадан жаңа туғандай жаңарып қаламын. Рухы мықты адамды ешкімде жеңе алмайды.
– Өмірде мықты болу үшін денің сау болу керек пе?
– Өмірде мықты болу үшін,адам баласының біріншіден рухы болу керек. Өзіңнің өмірге деген махаббатың , жақсы өмір сүремін деген талпынысы болу шарт.
Мен дені сау аяқ – қолы бүтін жатып ішер адамдарды білемін. Өмірге деген құлшынысы жоқ. Адамда ой, сана болу керек қой. Мынау ақпараттық болсын, қай кезең болсын дамып жатқан қоғаммен селбесіп, тырмысып өмір сүру керек емес пе. Мықты болу үшін денің сау болудың қажеті шамалы. Қалай өмір сүресің соған байланысты.
– Спорт түрлерімен айналысасыз, спорттағы жетістігіңіз?
– Мен 2019 жылдан бері пара хоккеймен (шанада отырып ойнайтын хоккей) шұғылданамын және команданың капитанымын.
2021 жылда Сочи қаласында КХЛ кубогында 4 орын алдық;
2022 жылы Омбы қаласында Кубок Сибиридан 2 орын иелендік;
2022 жылда Ханты Мансиискта 3 орынға ие болдық;
2022 жылда Тайланд патшалығында, Бангкок қаласында Әлем Чемпионатында 2 орын алдық;
2023 жылда Омбы қаласында Кубок Сибиридан 2 орын алып келдік;
Бұның бәрі менің командамның жетістіктері.
– Мүгедек жандардың қоғамдағы рөлін көрсете алдым деп ойлайсыз ба, осы жеңістеріңізбен?
– Әрине ойлаймын, бірақ біздін спортқа билік көңіл бөлмейді. Біз командамен өзіміз бұл спорт түрін Қазақстанда танытып жүрміз. Менің ойымша пара хоккейдін келешегі үлкен.
– Қай жылы Қосшыға келдіңіз?
7. Қосшыға 2020 жылы көшіп келдік.
– Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай әлеуметтік көмек көрсетеді. Сіз қандай әлеуметтік көмек аласыз?
– Мемлекетіміз мүгедектерге көп көңіл бөледі. Бірақ оның бәрін мүмкіндігі шектеулі адамдар пайдалануды білмейді.
– Кітап оқисыз ба, спорттан басқа хоббиыңыз барма?
Күнделікті күйбең тіршілкпен жүріп, кітап оқуға уақыт бола бермейді. Күнделікті жаттығу, жұмыс деп жүргенде қолым бос болған кезде оқимын. Көбіне жатығу залында боламын отырып ойнау волейбол, және жатығуда боламын.
– Егер сіздің қолыңызда билік болса бірінші неден бастап өзгертер едіңіз?
Қолымда билік жоқ, айта алмаймын. Таусылам...
– Қосшы қаласында сіз сияқты жандарға барлық мүмкіндік жасалған ба?
– Қосшы қаласында мүмкіндігі шектеулі адамдарға ,спорт жағынан ешқандай жағдай жасалмаған мысалы жай ғана жаттығу алаңында арнайы ғимарат жоқ. Қосшыда мүмкіндігі шектеулі адамдар бар, олар спортпен шұғылданамын десе Астанаға бару керек, ал бару үшін арнайы көлік керек. Тағы айтам біз басымызға тілеп алған дүние емес мүгедек болу. Тағдыр жазуы ләйім солай болды. Сондықтан қалада мен қатарлы қаншама адам бар жағдайы жасалу керек. Бұның бәрін айта берсең, толып жатыр. Біздін Қосшы қаласының басшыларына айтатыным өмір қысқа, мүмкіндігі шектеулі адамдарға да көңіл бөліңіздер, тек әлеуметтік көмек және жол жүру ақысымен шектелмей. Мысалы спорт комплекстарды салғанда мүмкіндігі шектеулі адамдардың спортпен шұғылданатынын ұмытпаңыз және басқа жағдайларға да бей – жай қарамаңыздар!
– Бір күндік өмір тәжрибеңізбен бөліссеңіз?
– Таңғы 6:30 тұрамын. Таңғы ас ішіп, балалармымды балабақшаға апарамын, содан кейін жұмысқа барамын. Жұмыстан соң баламды балабақшадан үйге апарамын, содан кейін пара хоккейден аптасына 4 рет 2 сағаттан мұз аланында және 2 рет жаттығу жасаймын.
Ерден НҰРАХМЕД
Оқи отырыңыз
Редакция таңдауы
Хасан Қасымбаев Сенат депутатының туысы - дереккөз
Редакция таңдауы
«Хуторские» тобы: атышулы Хасан Қасымбаев ұсталды
Пікірлер (0)