БАЛА ПСИХОЛОГИЯСЫНЫҢ СЫРЛАРЫ

Редакция таңдауы
view 655
news

Жалпы психология ғылымының негізгі міндеті не екендігін білеміз. Ал, бала психологиясы деген мәселеге келгенді ол тіптен күрделеніп, жауапкершілігі арта түседі. Бүгінгі баланың психологиясы қандай? Оған қоршаған ортаны қандай факторлары әсер етеді? Осы және өзгеде сұрақтар бүгінгі ата-аналарды, балалармен тікелей жұмыс істейтін барлық сала мамандары үшін маңызды екендігі белгілі. Бұл тұрғыда психология ғылымының ең негізгі салараның бірі болып саналады. Бірқатар психологтар бүгінгі баланың қиялы мен ойы ұшқыр, рухани сұранысы жоғары, ойлары асқақ әрі айрықшы жылдам екендігін айтады. Сондықтан, бүгінгі балаға тәрбие беру деген мәселеде аса сақ қарап, жіті қимылдаған жөн екендігін алға тартады. Табиғатында бала психологиясы көңіліне күңгірт, ойына қонбаған дүниені мүлдем ысырып тасатуға бейім. Ал, оған бүгінгі уақыттағы талғампаздық пен ұшқырлықты қосыңыз. Бүгінгі бала кім? Қоғамдық даму сатылары қандай? Бүгінгі баларымыздың қолында бесікте жатқандан шағында смартфон бар. Естерін жиысымен олар интернет әлемін шарлай алады. Осылайша барлық ашық ақпаратқа қолдары жетеді. Өздеріне керегін таңдап көруді үйренеді. Бұндай жағдайда баланың психологиясына кімнің көбірек әсер ете алатындығын болжай беріңіз. Бұл тұрғыда отбасының міндеті қандай? Ата-аналар өз балаларының дұрыс қалыптасыуы мен оң тәрбиесіне қалай әсер ете алады? Қазақта «әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген мақал бар. Алайда, қазіргі балалар әке мен шешеге ғана емес, төрткүл дүниеге қарап отыр. Бұндай жағдайда отбасында ең негізгі атап өтерлік мәселелердің бірі-баланың күнделікті тіршілік іс-әрекетін жолға қойып, оңынан ұйымдастыру болмақ. Мәселен, алдымен баланың күн тәртібі, жеке басына қойылған талаптар, күнделікті міндеттері, аансының немес, әкесінің үйдегі шаруасына араласуы, алып жатқан білімі, өз бойындағы бейімділіктері мен қызығушылықтары, әр сәттегі бос уақытын дұрыс ұйымдастыруына көмектесіп, жол сілтеп, тәрбиеге ықпалын тигізу. Қазіргі уақыта тым жылдам дамып жатқан ғасыр. Технологиялық тұрғыдан ғана емес, көзқарас, ой мен пайым тұрғысынан да жылдам өзгеріп отырады. Осынау алмағайып жасампаз ғасырда, үдерісі жылдам жаһандану дәуірінде мектеп қабырғасында білім алып жатқан баланың психологиясын қалыптастыратын алдымен ұстаз болса, оған тіреу болатын әрине әке мен шеше. Сондықтан, мектеп пен ата-ана одағы бірігіп, баланың психологиясын тереі таныса ғана ұрпақ сабақтастығы үзілмей, үйлесімді жалғасын таппақ. Психологтардың айтуынша, қазіргі балалар туадан ғарыштық танымға ие. Ойлары да ғарыштық жылдамдықпен әлемді шарлауға құмар. Тынымсыз, әрі тануға құштар. Кез келген дүниені өздері сараптап, оған өздерінің реакцияларын білдіруге құмар. Сырттан берілген ақылды қаблыдау қоюлары екіталай. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, екі мыңыншы, тіпті, одан кейін өмірге келіп жатқан ұрпақ өздерін қызықтырмаған бейнематериалды екі секундтан артық қарамайтыны айтылады. Ғылым ретінде бала психологиясы жас ерекшеліктерінің психологиясына жатады. Ол адамның тұтас ғұмырындағы тұтас бір кезең болып саналатын балалық шақтың психикалық адму заңдылықтарын зерттейді. Ғылым ретінде он тоғызыншы ғасырда негізі қаланып, бүгінде айрықша даму үстінде. Әрине, көптеген зерттеулер, эксперименттер мен бықлаулар іске асты. Бірқатар, нәтижелерге де қол жеткізілді. Бвланың жас ерекшеліген орай һзіндік ерекшеліктерін, өзгеруін анықтап, қоғамға ұсына білді. Бұл ғылым саласының бұл тұрғыда атқарған міндеті орасан зор деп айтуға болады. Алайда, бұның өзі жеткіліксіз. Әлі де май шаммен қарап, терең негізде зерттелуі тиіс мәселелер көп. Ғалам қандай жұмбақ болса, адамның да болмысы соншалықты жұмбақ. Ал, баланың әлемі тіптен құпия сырларға толы. Осы ертегідей әлемді тану, оның құпия сырларын бойлау үлкендер тарапынан атқарылуы тиіс ең басты міндеттердің бірі болмақ. Белгілі психологтар бала барлық қоршаған әуелі эстетика арқылы қабылдайтындығын айтады. Яғни, әсер арқылы. Дүниенің әсемдігін, ең озық қырыларын бірінші байқап, қабылдайтын да бала. Бұл тұрғыда біз бала әлеміне қаншалықты әсер ете аламыз? Олардың жан дүиесінде болып жатқан құбылыстарды қаншалықты ұғып, сезіне аламыз? Осы орайда баланың әлеміне ене отырып, өзіндік тәрбие желісін қалай ұсына аламыз? Бұл да терең негізде ойланып, өз жүйесін табуы тиіс мәселелердің бірі. Жалпы, бала әлемі кім үшінде қызық. Ал, баланың даму барысындағы психологиялық өзгерістері жіті байқап, тыңғылықты бақылауды қажет етеді. Бүгіегі таңда жекелеген адамдар алдындағы, сонымен қатар, білім мен тәрбие беру мекемелері алдындағы негізгі міндеттердің бірі де осы. «Әкенің көңілі балада, баланың көңілі далада» деген мақал бар. Бұнда баланың әркез өзге дүниелерге қызығып тұратындығын меңзесе керек. Әрине, дүниенің таусылмайтын сырлары кімбіл бомласын өзіне тартып, қызықтырары белгілі. Бұл жерде де бала психологиясының сырлары шешуші фактор болмақ. «Адамның бір қызығы бала» деген деп ақын Абай айтпақшы, перзент болмысы, бала психологиясы қай дәуірдегі адам болмасын ең құнды бақ пен бақыт.

Жанасыл  СЕРІКБОЛ

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *