Синоптиктер Астана мен тағы 6 қала тұрғындарына ескерту жасады

Жаңалықтар
view 143
news

Фото интернеттен

Қазгидромет Астана және тағы 6 қала тұрғындарын қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескертті, деп хабарлайды janabastau.kz.

"2024 жылғы 7 сәуірде Павлодар, Балқаш, Өскемен, Риддер, Семей қалаларында және түнде Астана, Ақтөбе қалаларында Ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі",-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеожағдайлар-атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Синоптиктер сондай-ақ Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының 7 сәуірге болжамын ұсынды.

"ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, республиканың оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын болады. Жауын-шашынсыз ауа-райы күтілетін антициклон сілемінің әсерінен тек солтүстік аймақтар ғана болады. ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында - дауыл, найзағай күтілуде", - деді метеорологтар.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *