Республикалық маңызы бар 17 автожолға шектеу қойылды
Фото интернеттен
ҚазАвтоЖол су тасқыны салдарынан республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қалыптасқан жағдай туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды janabastau.kz.
2024 жылғы 7 сәуір күні сағат 06:00-дегі жағдай бойынша 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 10 жолда жалпы ұзындығы 3910 метр болатын су тасқыны болды. Айта кету керек, бұл жолдар - халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары.
7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 17 автомобиль жолында (ұзындығы 801 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
Жолдардың жабылуына ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан пайда болған су тасқыны себеп болып отыр.
Қазіргі уақытта шектеу қойылған жолдарда 297 бірлік техника мен 385 адам жұмылдырылған.
Пікірлер (0)