Жылыой ауданында отыз мыңға жуық адам қауіпсіз жерге көшірілді
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация қызметі
Атырау облысында құтқарушылар Құлсары қаласының тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр, деп хабарлайды janabastau.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып.
Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Құтқарушылар тұрғындар мен олардың үй жануарларын эвакуациялауға көмек көрсетуде. Осы сағатта Жылыой ауданында 28 501 тұрғын, оның ішінде 6 781 бала эвакуацияланды, - деп мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі.
Құлсары қаласында су тасқыны жағдайында ЖАО, ТЖД, ҚМ, полиция, әскери қызметшілер, еріктілер мен тұрғындардың күшімен бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылып жатыр.
Қазіргі уақытта ауданда 46 мыңнан астам қап төселіп, 174 мыңнан астам тонна инертті материал төгілді. Әкімдіктің мәліметінше, Құлсары қаласында 2810 тұрғын үй мен инфрақұрылымды су басқан.
Пікірлер (0)