Синоптиктер дабылды ескерту жариялады

Жаңалықтар
view 97
news

Фотосурет: Болат Шайхинов

Бүгін Астана мен Қазақстанның 15 өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күндіз Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ті қамтиды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте 12 қазанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні – 15-20 м/с. Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталады.

12-13 қазанда Алматы облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Ал солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз найзағай ойнайды деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде жоғары өрт қаупі сақталады.

12-13 қазанда Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда 12 қазанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігіне, шығысына тұман түседі деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні – 15-18 м/с.

Түнде Абай облысының батысына, солтүстігіне, орталығына, күндіз облыстың батысына, орталығына тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстік-батысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарына тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с-ке дейін жетеді. Түнде таулы аудандарында сынап бағаны -1 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Өңірдің батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 12 қазанда оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, кей тұста 23-28 м/с-ке дейін жетеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігіне, шығысына, күндіз батысына, солтүстігіне, шығысына тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Күндіз солтүстігінде шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ті қамтиды.

Астанада 12 қазанда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні – 15-20 м/с.

Жетісу облысының шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Түнде сынап бағаны -1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Талдықорғанда 12 қазанда түнде -3-5 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысына, солтүстігіне тұман түседі деп күтіледі. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауға 12 қазанда түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Атырау облысының батысына тұман түседі деп күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, солтүстік-шығысында, батысында жоғары өрт қаупі болады. Атырауда 12 қазанда төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ті қамтиды. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 12 қазанда солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні – 15-20 м/с.

Түнде және күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с-ке дейін жетеді. Петропавлда 12 қазанда күндіз солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-ті қамтиды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *