Пәкістан әскері Ауғанстанның 19 шекаралық бекетін басып алды – БАҚ

Жаңалықтар
view 188
news

Фотосурет: en.iz.ru

Пәкістан мен Ауғанстан әскерилері арасындағы қақтығыстардың салдарынан Пәкістан 19 ауған шекара бекетін өз бақылауына алды, деп хабарлайды JANABASTSU.KZ ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Geo телеарнасының мәліметінше, Ауғанстан бұл бекеттерді көршілес ел аумағына шабуыл жасау үшін пайдаланған. Ал сенбі күні Ауғанстан Қорғаныс министрлігі Пәкістанға қарсы «кек алу операциясының» сәтті өткенін хабарлады.

БАҚ деректеріне қарағанда, бейсенбі күні пәкістандық ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) Кабулда пәкістандық тәліптер жетекшісі Нур Вали Мехсуд және оның ықтимал мұрагерлері отырған броньдалған көлікке соққы жасаған. Бұдан бөлек, жұмаға қараған түні Пәкістан ӘӘК Ауғанстанның шығысындағы Пактика провинциясына әуе шабуылын ұйымдастырған.

Тәліптер болса, өз соққыларының дрондар ұшыру және әуе кеңістігін бұзу үшін пайдаланылған нысандарға, сондай-ақ кейде бейбіт тұрғындарға қарсы шабуылдар жасау үшін қолданылған объектілерге бағытталғанын мәлімдеді. Сондай-ақ соққылардың кейбірі Пәкістан аумағындағы «Ислам мемлекеті» ұйымымен байланысы бар нысандарға бағытталғаны айтылды.

Tolo News телеарнасының хабарлауынша, қақтығыстар кезінде 12 пәкістандық әскери қаза тауып, екеуі жараланған. Сонымен қатар, Кандагар провинциясы маңында 5 сарбаз тәліптерге берілген.

Ауған әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары Лахор қаласына да әуе соққысын жасаған. Куәгерлердің айтуынша, елді мекеннің шығыс бөлігінде үздіксіз жарылыстар естіліп, бірнеше жерде өрт шыққан.

Кабул өз аумағына жасалған бұл шабуылдарды басып кіру және егемендікті бұзу деп сынады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *