Сірке суы мен куркума ішкен: 56 жастағы әйел сұмдық жағдайда ауруханаға түсті

Жаңалықтар
view 3115
news

Сурет: видеодан

Қазақстандық әйел қан қысымын түсіру үшін куркума қосылған сірке суын ішіп, ауыр жағдайда ауруханаға түсті, - деп хабарлайды janabastau.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Шымкентте болған. Бұл туралы №2 қалалық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Позилов айтып берді.

"53 жастағы әйел қан қысымын төмендету үшін интернеттегі кеңестерді қарап, алма сірке суы мен куркуманы араластырып ішкен. Соның салдарынан ол анафилактикалық шокқа түсіп, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Диагнозы: Лайелл синдромы - аллергиялық буллезді дерматиттің ең ауыр түрі", - деді дәрігер.

Пікірлер (1)

  • Болатхан

    Алма имбер куркума қосылған сірке суы негізі өте пайдалы тек дәрігердің кеңесімен ғана ішу керек, бет алды іше беруге болмайды, Алма сірке суын өтте тасы бар және асқазанында жарасы бар адамдар ішуге болмайды, сол сияқты тек дәрігердің кңесімен ғана ішу керек

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *