Спортшы жұбаныш айналымында бақ сынап көреді

Спорт
view 523
news

Фотосурет kaz.zakon.kz сайтынан алынды

Жеңіл атлетикадан Қазақстан командасының мүшесі Давид Ефремов Олимпиаданың іріктеу сынына қатысты, деп хабарлайды janabastau.kz тілшісі Zakon.kz сілтеме жасап.

Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгіруден өз тобында жетінші орын алды.  

Ол  жартылай финалға өте алған жоқ. Енді қазақстандық спортшы жұбаныш айналымында бақ сынап көреді. 

Еске салайық, бұған дейін ұлттық құрама спортшысы Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алғанын хабарлаған едік.

Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші - 9:16.46 секунд.

Бұл - Нораның осы маусымдағы үздік нәтижесі. Финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *