СҚО-да өрттен екі адам көз жұмды

Жаңалықтар
view 150
news

Фотосурет: ТЖМ

11 қаңтарда кешкі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Майбалық ауылында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнынан өрт сөндірушілер екі адамның мәйітін тапты, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

101 пультіне хабарлама түскеннен кейін өртке қарсы қызметтің бөлімшелері жедел түрде жіберілді. Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде тұрғын үйдің отқа оранып, толық қирағаны анықталды.

Үй иесінің айтуынша, өрт болған сәтте үйде оның жұбайы және екі кәмелетке толмаған бала болған. Өртті сөндіру және үйінділерді бөлшектеу барысында құтқарушылар ер адам мен бір кәмелетке толмаған баланың мәйітін тапқан. Енді бір адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнында департамент басшылығы жұмыс істеп, ТЖД психологтары үй иесіне қажетті психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Өрт 64 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді. Шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге ТЖД-ның жеке құрамынан 24 қызметкер мен 6 техника, сондай-ақ «Агрофирма» ЖШС-нің ерікті өртке қарсы құрылымы қатысты. ТЖМ азаматтарды пешпен жылыту, электр және газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *