Шымкентте 21 жастағы қызды танысы өлтіріп кетті

Жаңалықтар
view 47
news

Фотосурет: дереккөз

11 қаңтарда Шымкентте 21 жастағы қыз пышақ жарақатынан көз жұмған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Аталған жайт бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

Күдіктінің кім екені анықталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, ол жәбірленушімен бұрын таныс болған, - деп жазылған хабарламада. 

Қазір оны ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған барлық қажетті жедел іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Полиция азаматтарды расталмаған ақпаратты таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *