Су тасқынына қарсы іс-шара: Астана су қоймасынан Есіл өзеніне су жіберілді

Жаңалықтар
view 31
news

Фото: видеодан скрин

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр Ерболат Садырбаевпен бірлесіп, Астана су қоймасынан су жіберіліп жатқан Жібек жолы ауылындағы Есіл өзенінің арнасын тексерді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Қазір көлемі секундына 450 текше метр су жіберіліп жатыр. Бұған дейін қорғаныс бөгеті салынып және контррегулятордан айналма канал жүргізудің арқасында су кедергісіз өтіп жатыр.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар өз тиімділігін көрсетті. Қазір су жіберу көлемін біртіндеп азайтуда, – деп мәлімдеді облыстық әкімдік.

Халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ, жағдай бақылауда.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *