Суицид: 42 жастағы әйел көпірден секірмек болды (видео)

Жаңалықтар
view 150
news

в

Астанада полиция қызметкері көпірден секірмек болған 42 жастағы әйелді құтқарып үлгерді, деп хабарлайды janabastau.kz.

Оқиға 23 наурыз күні Сарайшық көшесінің бойында болған.

Патрульдік полиция полкінің инспекторы Евгений Казаков патрульдеу кезінде көпірдің шетінде тұрған әйелді байқаған. Лейтенант Казаков дереу көпірге шығып, өз өмірін үзе жаздаған нәзік жанды аман алып қалды. Жақын маңдағы сақшылар да көмекке келіп, келіншекті қауіпсіз жерге шығарған. Жедел жәрдем жеткенше полиция қызметкерлері тарапынан алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді», делінген Астана қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *