Экс-министр Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилер іріктелді
Жаңалықтар
240
Фотосурет: Астана соты баспасөз қызметі
Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу бойынша жабық сот отырысы өтті, деп хабарлайды janabastau.kz.
Жоғарғы соттың хабарлауынша, отырыста 12 адамнан тұратын (10 негізгі және 2 қосалқы) алқабилер алқасы құрылды.
Ашық режимде өтетін келесі сот отырысы 2024 жылғы 27 наурызда сағат 16:00-ге белгіленді.
Сондай-ақ баспасөз қызметінің өкілдері келесі сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-каналынан мына сілтеме бойынша көреуге болатынын еске салды.
Пікірлер (0)