Сыбайлас жемқорлық туралы хабарласаңыз, ақшалай сыйақы аласыз

Редакция таңдауы
view 572
news

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары 1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдемдесу. 2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдар үшін біржолғы ақшалай сыйақы нысанында жүзеге асырылатын көтермелеулер белгіленеді. Пара немесе келтірілген залал сомасын не ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны мың айлық есептік көрсеткіштен (бұдан әрі – АЕК) аспайтын немесе залал жоқ Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы мынадай мөлшерде белгіленеді: 1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы Әкімшілік істер бойынша – 30 АЕК; 2) онша ауыр емес сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 40 АЕК; 3) ауырлығы орташа сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 50 АЕК; 4) ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 70 АЕК; 5) аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы қылмыстық істер бойынша – 100 АЕК.

Пара сомасы немесе келтірілген залал немесе ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің құны мың АЕК-тен асатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша біржолғы ақшалай сыйақы пара сомасының немесе келтірілген залалдың, немесе ұсынылған жеңілдіктердің немесе көрсетілген қызметтердің он пайызын құрайды, бірақ төрт мың АЕК-тен аспайды. Осы Қағидаларда көзделген жағдайларда грамотамен марапаттау немесе алғыс жариялау түріндегі көтермелеулер белгіленуі мүмкін.

Қосшы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Тел: 8(7172) 60-78-13

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *