Шымбұлақта қар көшкіні жүрді – Алматы ТЖД

Жаңалықтар
view 299
news

Фотосурет: ЖИ janabastau.kz

JANABASTAU.KZ тілшісінің хабарлауынша, Шымбұлақ тау-шаңғы курортында қар көшкіні болды. Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД) мәлімдеді.

"2025 жылғы 10 наурызда, Медеу ауданы, "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты аумағында. "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, №26В және №26Г көшкін төгетін аймақтарда қар көшкіні жүрді. 112 желісіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", – делінген Алматы ТЖД жедел хабарламасында.

Толықтырылған ақпаратқа сәйкес, курорт аумағында үш турист тау беткейін кесіп өткен кезде шамамен 3500 текше метр көлемінде қар көшкіні жүріп кеткен.

Алматы ТЖД бұған дейін тауда қар көшкіні қаупі жоғары екені туралы дауылды ескерту жасалғанын, бұл қауіп алдағы күндері де сақталатынын мәлімдеді.

"ҚР "Қазгидромет" РМК дауылды ескертуіне сәйкес, 11 наурызға дейін таулы аймақтарда қар көшкіні жүру қаупі сақталады!" – деп хабарлады Алматы ТЖД.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *