Шымкент аттракционында ойын автоматтары өртенді

Жаңалықтар
view 448
news

Фото: ТЖМ

Төтенше жағдай қызметкерлері Шымкентте аттракциондар саябағында болған өртті сөндірді, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ

ТЖМ мәліметінше, әл-Фараби ауданы, Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан аттракциондар саябағының аумағында шатыр астында орналасқан ойын автоматтарында өрт тұтанған. Одан соң қызыл жалын екіқабатты мейрамхананың шатыры мен екі кеңсе бөлмесіне тараған.

Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 230 ш.м. құрайтын өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр, деп жазды ТЖМ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *