Иттен қорқу және әке ашуы: Жазира Байырбекованың жүрекжарды әңгімесі

Жаңалықтар
view 135
news

Жазира Байырбекова. Фото: instagram.com/zhazira_bairbekova

Әнші Жазира Байырбекова желідегі парақшасында балалық шағын еске алып, неден қатты қорыққанын айтты, деп жазады JANABASTAU.KZ.

Әншінің айтуынша, бала күнінде иттен қатты қорыққан. "7-8 жасымда мектепке барар жолдағы бір үйдің итінен қатты қорқып өтетінмін. Үлкен ит. Адам өткен сайын жұлқынып, үрмей қоймайтын, шынжыры жолға дейін жететін.

Мен өтерде ұйықтап жатса екен деп тілейтінмін. Босанып кетсе талайтыны анық. Сонда әке-шешемізге қорқып өтетінімізді неге айтпадым екен. Анам ешқандай көмекшісіз үй, аула, ауладағы бау-бақша шаруаларынан босамайтын. Әкеміз біз ұйықтап жатқанда жұмысқа кетіп ұйықтар алдында келетін. Жексенбі күнгі уақытын бізге арнап, еркелетіп, масақ теруге, немесе балық, құс аулауға ертіп баратын", - деп естелігін бөлісті Жазира Байырбекова.

Әнші бір күні Сәбира есімді әпкесін ит тістеп алғанын айтады. "Әкем ашуланса ашуы қатты еді. Үйдегі мылтықты алып шығып итті атпақ болды. Сонда үйдің иесі "Оны атқанша мені ат" деп мылтықтың алдына тұрып алды. Әкем ашуын басып, ит аман қалды. Қазір ойлаймын иттен қорқып жүргенімді ата-анама айтпағаным бала күнгі болмысым ба, әлде көпбалалы отбасында әр балаға жеке мән беріп үлгермеді ме, әлде анамның қолы босамайтын болған соң өз мәселемізді өзіміз шешіп жүрдік пе, немесе ата-анаға сезімдерімізді айтып үйренбедік пе екен?!", - деп ой қозғаған әнші әр заманның жақсы-жаман жақтары барын екенін айта кетті.

Эстрада жұлдызының жазбасына пікір қалдырған желі қолданушыларының дені балалық шағында иттен қатты қорыққанын, қазір де иттен қорқатын жандар көп екенін жазған. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *