Тоқтар Серіков бауырының ауыр дерті жайлы сыр шертті

Жаңалықтар
view 141
news

Тоқтар Серіков. Фото: Instagram / toktar.serikov

Әнші Тоқтар Серіков ауыр дерттен мезгілсіз қаза болған бауырына қатысты ағынан жарылып, көкейінде жүрген өкінішін бөлісті. Бұл туралы әншінің Instagram парақшасына сілтеме жасаған JANABASTAU.KZ хабарлайды.

"Иә Раббым сен ұлы жаратушысың. Сен жараттың бізді және біз саған қайтушылармыз.

Менің аяулы анам мен өзінің сүйікті шөбересі Мырзәлі. Әжесі қайтқан жаққа шөбересі де қайтты. Қандай ауыр десеңші, осылай деп жазу. Алтыным, ағатайлап құшақтап баурап алатын жан бауырым еді. Жастайыңнан жабысқан дертіңе бір мемлекеттің дәрмені жетпеу, арашалап алып қалмау өкініш болып тұр, ботақаным. Сен секілді көзі мөлтілдеген балапандар, біз секілді шырылдаған ата-аналар әлі жетеді. Қайырымы жоқ қоғам, безбүйрек басшылар бұл дүниені қайдан түсінсін.

Балапаным қош бол, сенің дертіңе шипа таппадық. Қорғап қала алмадық, кешір бізді. Сен осындай болашағына бейқам қарайтын қоғамда туылдың. Раббың қабыл алып, әжеңе жеткен шығарсың, құлыным.

Әжеңе бәрін айт, әжеңмен қорқытушы едің ғой, айт әжеңе, қомағай қоғамның қолтырауындары әлі тойған жоқ де. Алтыным, балапаным, мәңгілік мекенің Жәннәт болсын", - деп жазды әнші желі парақшасында.

Жазбаны оқыған желі қолданушылары мен танымал өнер иелері әншінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтып жатыр. "Қалай майын тамызып тұрып айттыңыз, тұла бойды тітіркендіріп. Ағау ,бұл халықты тыңдайтын жан бар ма", "Түсінетін сана болса, жеткізіп айттыңыз", "Періштенің жаны жаннатта болсын!", "Алланың үкімі, оған қоғам да, адам да, ақша да араша тұра алмайды. Әзірейіл ә.с. Алла үкім берген уақыттан бір секунд кешікпей келеді. Дерт болмаса басқа себеппен кетер еді. Ол - Жаратушының үкімі. Бір-бірімізді кінәлап, қоғамға өкпе артпай сабыр қылған құлына Алланың берер сыйы көп. Тұз-дәмі таусылса ешкім де қала алмайды... Амал нешік", "Қайғыңа ортақпыз, Шапағатшы болсын", - деп жазған пікір қалдырушылар.

 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *