Жел күшейіп, боран соғады: 23 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Жаңалықтар
view 46
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, облыстың батысында, оңтүстігінде соққан желдің екпіні кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Ақтауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда да оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қонаевта кей уақытта тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің түндегі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *