Шымкентте “ең адал полицей” атанған Азамат Айымбетовке сот үкімі шықты

Жаңалықтар
view 227
news

Сурет : ашық дереккөзден

Шымкентте «ең адал полицей» атанған Азамат Айымбетов 7 жылға сотталды,- деп хабарлайды Janabastau.kz Otyrar телеарнасына сілтеме жасап.

Айта кетсек, 2024 жылғы 26 маусымда Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-полицей, Шымкент қ. ПД-нің патрульдік полиция полкі ротасының командирі болған Азамат Айымбетовке сот үкімі шықты. Оған сәйкес ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол ҚР ҚК 366 бабы 3 бөлігінің 1 тармағы «Қорқытып пара алды» деген айып бойынша кінәлі деп танылды.

Алдыңғы сот отырысында айыпталушы  көлік жүргізушісінен 700 мың теңге пара алғанын мойындаған, бірақ қорқытып-үркіту фактілерінің болғанын жоққа шығарып, «Ешкімді қорқытқан жоқпын, ешкімді мәжбүрлеген жоқпын. Кінәмді ішінара мойындаймын» деген еді.

2024 жылғы наурызда Шымкент қ. ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы патрульдік полиция полкі ротасының командирі Азамат Айымбетовті қала тұрғындарының бопсалау және делдалдар арқылы пара алу жайты туралы арызы бойынша ұстап, қылмыстық іс қозғаған.

Еске салайық, 2021 жылы Азамат Айымбетов өзінің бастығы болған Мұхтар Бұқарбаевқа қарсы арыз жазған. 2022 жылы Президентке үндеу жолдап, Бұқарбаевқа жасаған қымбат сыйлықтары туралы айтқан. Айымбетовтың арызынан кейін полковник Мұхтар Бұқарбаев 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Сол оқиғадан кейін Азамат Айымбетов «ең адал полицей» атанып кетті.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *