Түркістан облысындағы балабақшада балалар тамақтан жаппай уланып қалды

Жаңалықтар
view 117
news

Сурет: ғаламтордан

Түркістан облысында балабақшада балалар тамақтан жаппай уланып қалды. Болған жағдайға байланысты Келес аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады,- деп хабарлады Janabastau.kz.

24 маусым күні таңғы астан кейін сағат 11:00 шамасында балалар өздерін жайсыз сезінген. Сөйтіп балабақша қызметкерлері дәрігер мен мейірбикені шақырып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Тамақтан уланған балалардың саны 34-ке жетті. Қазір бүлдіршіндер дәрігерлердің бақылауында.

Оқыс жағдайды Түркістан облысы білім басқармасы өз бақылауына алды. Сондай-ақ Келес аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тарапынан тексеру жұмыстары жүргізді.

Түркістан облысы білім басқармасы таңғы аста балаларға берілген ботқаның құрамы мен сүттің құрамы сараптамаға жіберілгенін мәлімдеді. Балалардың уланып қалуына байланысты Келес аудандық полиция бөлімі тарапынан қылмыстық іс қозғалды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *