Шымкентте жүргізушілер автогаз тапшылығына шағымданып жатыр
Фото: Pixabay
Шымкентте автокөлік иелері автогаз тапшылығына шағымданып жатыр, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Мән-жай
Олардың айтуынша, қалада, әсіресе, таңертең және кешкі уақытта автогаз тапшылығы қатты сезіледі. Сол үшін жүргізушілер алдын ала бронь жасауға мәжбүр.
Тамыз айында автогаздың литрі 102 теңгеге қымбаттаса да, Шымкентте жанармай тапшылығы сақталып отыр. Энергетика және инфрақұрылымды дамыту департаментінің мәліметінше, уақытша тапшылық көлік санының артуына және айдың соңында жеткізу кестесінің өзгеруіне байланысты.

Автокөлік санының көбеюі және ай соңында жеткізу кестесінің өзгеруіне байланысты Шымкентте сұйытылған мұнай газының уақытша тапшылығы байқалып отыр. Біз Энергетика министрлігіне қосымша газ көлемін бөлу туралы өтініш жолдадық. Қазір қосымша көлем бөлінді. Мәселе кезең-кезеңімен шешіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Әкімдік жауабы
Шымкентте 463 мыңнан астам көлік тіркелген. Олардың шамамен 15%-ы сұйытылған газбен жүреді. Жағдай жыл сайын тек газбен жүретін көліктердің көбеюінен ғана емес, транзиттік көліктер ағынының өсуінен де қиындап жатыр. Олардың қатарында Түркістан облысынан келетін жүк көліктері мен жеңіл автокөліктер де бар. Олар Шымкенттегі газ құю бекеттерінде жанармай құяды.
Әкімдік өкілдері де жанармай құю кезінде туындайтын қиындықтар басқа өңірлерден келетін жүргізушілердің көп болуымен байланысты екенін растады.

Газбен жүретін бұл көліктер қала статистикасына енгізілмейді. Сондықтан тапшылық бар деген әсер туғызуы мүмкін, – деді Шымкент әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек.
 
                                     
                                     
                                     
                                     
                                     
                 
                 
                 
                 
                                 
                                 
    
Пікірлер (0)