Танымал журналист министр Маржықпаев Елдостың тренерін менсінбейтінін айтты

Жаңалықтар
view 684
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Танымал журналист министр Маржықпаев Елдостың тренерін менсінбейтінін айтты. Бұл туралы ол өзінің жеке парақшасында мәлімдеген деп хабарлайды janabastau.kz.

«Менің ойымша кез келген заттың дер кезінде бағасын бергеніміз орынды.

Байқағаным, Головкиннің ҰОК президенті болуының өзі спорстмендерге үлкен рух берген сияқты. Себебі әр ойында шынайы түрде қолдау көрсетуі, нағыз керек сөздерді айтуы спортсмендерге дұрыс әсер етеді. Кейбір шенеуніктер сияқты есеп үшін, немесе эфир үшін сөйлеп қалуға тырыспайды. Керісінше камерадан, микрофоннан алыс жүргені байқалады.

Сонымен қатар, Ұлттық олимпиада комитеті әлеуметтік желідегі парақшаларында ақпаратты сауатты жазып, әрі жылдам таратуда. Бұрынғы өткен олимпиада кезінде ондайды байқамаған едім.

P.S. Ал, министр Маржықпаев кеше Елдостың жеке тренерін танымағандай және менсінбегендей көрінуі жаман әсер қалдырды», — деп жазды журналист.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *