Тайтөбе ауылында алаң пайда болады

Редакция таңдауы
view 62
news

Тайтөбе ауылында футбол және балалар алаңы жақын күндері пайда болады. Бұл туралы Қосшы қаласы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасында хабарланды. Балаларға арналған жаңа алаңдар облыс, аудан орталықтарында ғана емес, шағын елді-мекендерде де ашылуда. Жасыратыны жоқ, әлі күнге дейін қарапайым денешынықтыру кешендері де көптеген ауылдықтар үшін қол жеткізбес арман. «Спорт алаңдары талантты балаларға шабыт береді, шеберліктерін жетілдіріп, спортта биік жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді деп есептеймін. Дарынды спортшылар ауылдан шығады. Жергілікті биліктің бастамасы жаман емес. Дұрыс, мұндай іске басшылар араласу керек. Біздің кезімізде заманауи спорт алаңдары, балалар алаңдары болған емес. Заман өзгерді... «Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда» демекші, ынта болса, жағдай жасалса, спортпен шұғылдануға, кәсіби спортшы болуға еш кедергі жоқ», дейді ақсақал Әлібек Жарасхан. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, елімізде спортты дамытуға, спорттық инфрақұрылымның балаларға барынша қолжетімділігін қамтамасыз етуге көңіл бөлініп келе жатқаны баршаға мәлім. Осы орайда, еліміздің түкпір-түкпірінде бұқаралық спортты дамыту ісіне айрықша назар аударылып келеді. Жақын арада пайдалануға берілетін футбол және балалар алаңы тұрғындардың, әсіресе, жастардың сүйікті орнына айналары сөзсіз. Айта кету керек, қалалық әкімдіктің ресми парақшасында «Салынып жатқан жол құрылысының сапасы да басшылық назарында» делінген.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *