«Таза Қазақстан» акциясы Ақмола облысында жалғасуда

Жаңалықтар
view 482
news

Сурет: Ақмола облысының әкімдігі

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Ақмола облысында экологиялық іс-шаралар жалғасуда.  А.ж. 2 шілдесінде сағат 10.00-де Жарқайың ауданында «Таза Қазақстан» жалпы республикалық жобасын қолдау мақсатында экологиялық акция өтті. Акцияға жастар, еріктілер, еңбек ұжымдары, бей-жай қарамайтын тұрғындар, барлығы ауданның 3000-ға жуық тұрғыны қатысты.

Іс – шараның негізгі мақсаты «Адал адам – Адал еңбек - Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу болып табылады.

Бүгін  бірыңғай еңбек қарқынымен елді мекендердегі Есіл өзенінің жағалауларын тазарту жүргізілді: Державинск қ., Пятигорское а., Отрадное а. о., Гастелло а., Нахимово а., Құмсуат а., Тассуат а., Далабай а., сондай-ақ Тасты-Талды және Бірсуат ауылдарындағы бөгеттері тазартылды.

Державинск қаласында акцияға қатысушылар 50-ге жуық қап қоқыс жинады. Тазалауға қала тұрғындары, жастар, аудандық мәслихат депутаттары, 500-ге жуық адам қамтылған еңбек ұжымдары қатысты.

«Ақмола облысының тұрғындары Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» жобасын белсенді қолдайды. Бұл жоба табиғатқа, өз үйіне ұқыпты қарауға бағытталған, - дейді волонтер Кимпиров Саят – осы іс-шараларға қатысу біздің қоғамға экологияның тазалығы мен қамқорлығын сақтауға және насихаттауға, табиғатты қорғауға көмектеседі. Қоршаған ортаға ұқыпты қарау өзінен басталуы керек».

«Таза ауыл» акциясы Пятигорское, Отрадное, Гастелло ауылдарында өтті, онда көшелерді жинау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Акция соңында тұрғындар қатысушылар үшін ашық ауада бос уақыт, спорттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырды. Акцияға ауыл тұрғындары, еңбек ұжымдары, барлығы 600-ден астам адам қатысты.

Ұқсас іс-шаралар Нахимово, Құмсуат ауылдарында өткізілді. Акция қорытындысы бойынша ҚТҚ полигонына 30-дан астам қап қоқыс шығарылған. Акцияға 200-ге жуық адам қатысты.

Тасты-Талды және Бірсуат ауылдарында тұрғындар бөгеттерде жиналған қоқыстардан тазартты. Акцияға 100-ден астам еріктілер мен жас азаматтар қатысты. Акция қорытындысы бойынша 25 қоқыс қап жиналды. Акциялардың негізгі мақсаты - бөгеттер мен су айдындарының жағасында тәртіпті сақтау, халықтың табиғатқа ұқыпты қарауы.

Тассуат және Далабай ауылдарында «Таза аула» деп аталып, ауылдарды абаттандыруға, қоғамдық демалыс орындарын сырлауға және ағаштарды ақтауға, сондай-ақ оқушыларды тарта отырып, жалғыз тұратын қарттарға көмек көрсетуге баса назар аударылды. 30-ға үй маңындағы аула жиналды.

Жалпы, жоба басталғаннан бері облыс бойынша 450 мыңға жуық адамның қатысуымен 300-ден астам экологиялық іс-шара өткізілді. Елді мекендерде аумақтарды, ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерін, тарихи-мәдени ескерткіштердің аумақтарын жинау, арық жүйелерін тазарту жұмыстары жүргізілді. Жергілікті атқарушы органдар, коммуналдық қызметтер мен ұйымдар өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің, белсенділер мен тұрғындардың бірлескен күш-жігерімен жалпы пайдалану орындарынан, балалар алаңдарынан, аула аумақтарынан былтырғы жапырақтарды, арамшөптерді, тұрмыстық қоқыстарды жинау және шығару жүргізілді. 500-ден астам елді мекен қамтылды. 3000-ға жуық мекемелер мен кәсіпорындар белсенді қатысты. 30 мыңға жуық адамның күшімен 20 000 тонна қоқыс жиналып, шығарылды. 27 өзендер, көлдер, бұлақтар мен каналдар тазартылды. 1100-ден астам сумен жабдықтау нысандары абаттандырылды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *