Теріс ағымдардың артында қаржыландырушы Араб әлемі тұр

Жаңалықтар
view 568
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Теріс ағымдардың артында қаржыландырушы Араб әлемі тұр деді мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи. Ол Үoutube-тегі Qazaq AIRAN арнасына сұхбат берді, деп хабарлайды  janabastau.kz Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап. Сұхбаттың кескіндері Тик-Токта, Инстаграмда тарап жатыр. Саясат, қоғам жайлы айтқан. Соның ішінде теріс діни ағымдарға да тоқтала кетіпті.

Қысқаша айтқанда: «Теріс діни ағымдар 2000-шы жылдары кіре бастады. Уаххабизм, Хизбут Тахрир және басқа. Сан түрлі ағым кірді. Қоғамды бөлшектеді, оларды қаржыландырып, қолдаған топтар болды. Себебі сол сәттегі билікке қазақ қоғамының Ханафилік мазхаб төңірегіне бірігуі керек емес еді, бөлшектеніп жатқаны қажет еді. Салдарынан қазір теріс ағымдар күшейіп кетті, олардың артында қаржыландырушы Араб әлемі тұрды», — дейді.

Сөйтіп, теріс діни ағымдарды жөнге салатын заңның әзірленіп, күзгі сессияда Парламентте көтерілетінін айтты. Қазір енді Парламент демалыста ғой.

«Жақында Ермұрат Бапи сырқаттанып қалғанын жазған еді. Ағамызға саулық тілеп жаттық. Сонда кей адам «дінмен алысқанның кесірі, Құдаймен алысуға болмайды» дегендей пікірлер жазып жатты. Алайда өз басым Ермұрат Бапи ағамыздың әрекетін дінмен, Құдаймен алысу деп ойламаймын, теріс діни ағымдармен күрес деп санаймын. Шындығына келгенде дінге ең үлкен күйені жағатын сол жат ағымдардың әрекеті ғой.

Радикализммен күрес барлық елде бар. Ол АҚШ-та да, Еуропада да, Азия елдерінде де бар. Барлық елде бар. Қоғамды бөлшектейтін, мемлекетке нұқсан келтіретін радикалды әрекеттерді барлық ел шектеуге тырысады. Заңмен, арнайы ережелермен және басқамен реттеп отырады. Радикализммен күрес – дінмен күрес емес (және ешқашан оған ұласпауы тиіс). Дегенмен деструктивті ағымдарды ауыздықтау жайлы бастамаларды қолдаймын», — деді саясаттанушы Асхат Қасенғали.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *