Терроризмді насихаттаған 4 адам ұсталды
Фото: Ашық дереккөзден
Осы жылдың 17 сәуірде ҰҚК ІІМ-мен өзара әрекеттесе, прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында Қазақстанның 4 азаматын ұстады, деп хабарлайды janabastau.kz.
«Олар республика аумағында тыйым салынған діни-экстремистік ұйымның әрекетіне қатысты және ұйымдастырды деп күдіктеледі. Тұрғылықты жерлері бойынша тінтулер барысында көптеген діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды», -делінген хабарламада.
Қылмыстық кодекстің 405-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Атап өтетін жайт, ұсталған адамдардың екеуі бұған дейін осындай қылмыс жасағаны үшін сотты болған.
Сотпен ұсталғандарға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану сұрағы шешілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Пікірлер (0)