«Tik-Tok» үшін мүгедектігі бар адамды сабаған (Видео)
Сурет: видеодан скриншотталған
Көпшілікке танымал «Тик-ток» желісі үшін мүгедектігі бар ер баланы екі қыз аяусыз ұрып-тепкілеген видеосы таралды, деп хабарлайды janabastau.kz.
Бұл туралы журналист Жан Ахмадиев инстаграм желісіндегі өз парақшасында бөліскен.
"Бұл Алматыда болған оқиға. Мына екі қыз (қыз деп айтуға аузым бармай тұр) арнайы ТикТок желісіне видео түсіру мақсатында мүгедек баланы ұрып-соққан! ТикТок-қа тезірек шектеу керек сияқты…", деді журналист.
Айта кетейік бұған дейін "тик-ток" желінің нақты жабылатынын немесе ішінара бұғатталатыны туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистерге жауап берген болатын. Министрдің айтуынша әлі шешілген дүние емес, жалпы талқылауға шығарылады.
Пікірлер (0)