«Той – қазақтың қазынасы» деген - бишара сөз»: Жазушы Қанат Тілеухан қазақтың тойы туралы күтпеген мәлімдеме жасады

Жаңалықтар
view 214
news

Коллаж: caravan.kz

Жазушы әрі журналист Қанат Тілеухан қазақ қоғамында тойлардың шамадан тыс көбейіп кеткеніне назар аударды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі. 

Қанат Тілеуханның айтуынша, «Той — қазақтың қазынасы» деген сөз шындыққа жанаспайды.

"Той — қазақтың қазынасы деген бір бишара сөз бар. Қайдағы қазына? Қиналып тапқан ақшаң бір сәтте жоқ болады. Сосын қалтаң босап, несиең қысып, тағы да жетпей жатады. Біздің бала күнімізде тойдың екі-ақ түрі болатын — үйлену тойы және әскерге шығарып салу. Соңғысы қызықты өтетін, тіпті шақырмаса да баруға тырысатынбыз. Қазір сүндет той, тілашар, 30 жас, 40 жас, 45 жас, 50 жас — қысқасы, түрі сансыз. Тойға барып, шаршап қайтамын. Соған қарамастан, тойханалар күн сайын көбейіп жатыр", — деді ол.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *