Тоқаев онлайн соттардың тиімділігі туралы айтты
Сурет: Ашық дереккөзден
Астанада судьялардың IX съезінің ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сот отырыстарын онлайн режимде өткізудің тиімділігін мәлімдеді, - деп хабарлайды janabastau.kz.
Мемлекет басшысы биыл сот отырыстары алғаш рет онлайн көрсетіле бастағанын, осындай тәсілмен бірнеше сот процесі өткенін еске салды.
«Мұндай қадам жұрттың сот жүйесіне сенімін нығайта түсті деуге болады. Бұл әрине, бұрын-соңды болмаған. Сондықтан, судьялар мен айыптаушыларға қойылатын талап күшейді. Сотқа қатысатын тараптар ашық сот алаңында өз ойларын еркін жеткізе алады. Барлық сот отырысында осындай жоғары стандарт болуы керек. Сотты онлайн өткізудің тағы бір ұтымды тұсы бар. Азаматтардың құқықтық сана-сезімі өзгеріп келеді. Заңгер мамандығына деген қызығушылық артты. Жастар заң саласындағы мамандарды үлгі тұта бастады. Мұның бәрі – қоғамда кәсіби маман болу құндылығын дәріптеуге мүмкіндік береді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Пікірлер (0)