Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады
Жаңалықтар
22
Фотосурет: Ақорда
Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
"Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Шахбаз Шарифпен және президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар мемлекет басшысы Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысады деп жоспарланған.
Пікірлер (0)