Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасары – әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысын тағайындады

Жаңалықтар
view 60
news

Дәурен Қосанов. Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары – қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған janabastau.kz хабарлайды. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары – қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген Ақорданың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған хабарламада.

Дәурен Қосанов 1969 жылы 14 қазанда Павлодар облысы Краснокут ауданы Новотроицкое ауылында дүниеге келген. 1990 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесін, 2005 жылы Ю. А. Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын бітірген, 2013 жылы Ресей Федерациясы Қарулы күштері бас штабының әскери академиясын бітірген. Әр жылдары Талдықорғандағы "Су-27" эскадрильясының командирі, Қарағанды авиабазасы штабының бастығы, Шымкент авиабазасының командирі, Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әуе қорғанысы күштері әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштері әскери институтының директоры қызметтерін атқарған. 2022 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды. "Әскери ұшқыш мерген". II дәрежелі "Даңқ" орденімен, "Жауынгерлік ерігі үшін" медалімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған. 

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *