Тоқаевтың кортежі жүретін жолдан атыс қарулары табылды

Жаңалықтар
view 263
news

Сурет: Ашық дереккөзден

Түркістан облысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кортежіне қастандық ойластырылған болуы мүмкін. Арнаулы органдар Президент кортежі жүретін бағытты тексерген кезде қару-жарақ тәркілеген. Бұл жөнінде ІІМ шұғыл ақпарат таратты.

«Түркістан облысында Мемлекет басшысының кортежінің жүру бағытын тексеру кезінде ІІМ, ҰҚК қызметкерлері МКҚ-мен бірлесіп жасырылған қару-жарақты тапты. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген хабарламада.

Осыған байланысты тергеу шаралары басталды.

«Қазіргі уақытта барлық мән-жайды анықтау және күдікті адамдарды ұстау бойынша қажетті жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатырТергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады ІІМ.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *