«Тоқал болам!» – деп ашық айтқан қазақ әйелі жұртты шулатты
Сурет: Ашық дереккөзден
Бір ұлы бар, 15 жылдан бері жалғызбасты өмір сүріп жатқан Гала есімді қазақ әйелі өзін тоқал болуға толық дайынмын деп мәлімдеді, деп хабарлайды janabastau.kz.
Айтуынша, ол жағдайы бар, отбасылы азаматтың екінші жары болудан бас тартпайды. Тіпті бәйбішемен жақсы қарым-қатынас орнатып, бір үйдің берекесін кіргізуге де қарсы емес.

«Бәйбіше тоқалдан қорықпауы керек. Мен бәйбішемен шай ішіп, қызмет етуге де дайынмын. Қазір жалғызбасты әйелдердің жағдайы жақсы. Біздің бар мақсатымыз – ұрпақтың көбеюі, отбасының нығаюы», – дейді Гала.
Оның пікірінше, «ақылды әйел күйеуіне тоқал іздейді», ал «ұлттық деңгейде ойлайтын әйел тоқалға қарсы болмайды».
Гала өз ұлына да шектеу қоймайтынын айтып отыр. Келешекте ұлының кімге үйленетініне араласпайтынын, оның тоқал алуына да қарсы болмайтынын жеткізді.
🟧 Психолог не дейді?
Психолог Серікгүл Сәлидің айтуынша, ер азаматтардың арасында нағыз полигамды ерлер – небәрі 5 пайыз. Олар ғана тоқал алуға рухани әрі моральдық тұрғыда лайық.

«Мұндай ер адамдар тоқалды да, бәйбішені де тең көреді. Бала туғанда да бірдей қарайды. Ал көп еркек тек құмарлықпен тоқал алады. Мұндайда отбасы күйрейді», – дейді маман.
🟦 Журналист пікірі: «Бәрін көтере алатын еркек алсын!»
Журналист Жансерік Бейсеев те тоқал алуға түбегейлі қарсы емес.

«Егер ер азамат барлық жағдайды жасап, әйелі де қарсы болмаса – алсын. Бірақ өз әйелі мен баласының жағдайын жасай алмай жүріп, тоқал туралы айтатындардікі – жай далбаса әңгіме», – дейді ол.
🟩 Актриса Айнұр Жүгінісова: «Бұл жиіркенішті!»
Көпбалалы ана, танымал актриса Айнұр Жүгінісова бұл пікірге түбегейлі қарсы шықты. Ол мұны рухани азғындау, жиіркеніш деп бағалап отыр.

«Ер адам тоқал іздесе, демек әйелінен не керегін таппай отыр. Бірақ оның себебі – әйел емес. Көп әйел еріне ана секілді қарап кетеді. Ал еркекке ана емес, жар керек. Бір төсекте бірнеше әйелмен болу гигиеналық тұрғыдан да, рухани тұрғыдан да жиіркенішті», – деді ол.
Актрисаның айтуынша, тоқалдыққа ұмтылу — дайын дүниеге ортақтасу, өз өмірін өз күшімен құра алмаған әйелдің амалы ғана.
🟨 Қоғам не дейді?
Бұл пікірталас желі қолданушыларын екіге жарды.
Бірі Галаны қолдап, оны «ұлттық санадағы дана әйел» десе,
екіншісі «еркектің арқасында өмір сүргісі келетін» есебі бар әйел деп бағалады.
Қалай болғанда да, «тоқал болам» деген бір ауыз сөз қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Бұл мәселе қазақ қоғамында жабық күйде келген терең тақырыптардың қайта ояна бастағанын аңғартады.
Пікірлер (0)