"Директордың баласы бағасын жөндетіп, қызыл аттестат алды": Мұғалім әділетсіздікті жайып салды
Сурет: Ашық дереккөзден
Мектеп директорының баласына қызыл аттестат берілді деген күдік жұрт наразылығын тудырды, деп хабарлайды janabastau.kz.
TikTok желісінде "Meruert" деген атпен тіркелген қолданушы жариялаған видео қоғамда кең талқы тудырды. Видео авторының айтуынша, бір мектепте директордың ұлы "Биология" пәнінен "4" деген бағамен қорытындыласа да, қызыл аттестат алған.
"Менің сабағымнан "4" алған. Соны жөндетіп, "5" қойдырып, директор баласына ұялмай қызыл аттестат әперіп отыр", – дейді видеодағы жазба иесі.
Аталған мәлімет әлеуметтік желі қолданушылары арасында наразылық тудырып, пікірлер қарша жауды. Комментарий қалдырғандардың бірі:
– "Директор мен мұғалімнің балалары алады ғой қызылды", – десе,
тағы бірі: – "Не болды сонша, "5" қоя салсаң нең кетеді?", – деп күйінген.
Көпшілік бұл жағдайды "әділетсіздік" деп бағалап, білім беру жүйесінде бейтараптық пен әділдік мәселесін қайта көтеруде.
Пікірлер (0)