Тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті

Редакция таңдауы
view 85
news

31 мамыр күні Қосшы қаласы мәслихатының экономика және бюджет және әлеуметтік мәселелер, заңдылық пен құқық тәртібі, депутаттық өкілеттік пен этика жөніндегі тұрақты комиссияларының отырысы өтті. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Біріншісі, электрмен жабдықтау объектілерін, сондай-ақ инженерлік желілерді (электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау) салуға және абаттандыруға бөлінген бюджет қаражатын тиімді пайдалану жөнінде есеп тыңдалды. Баяндаманы Қосшы қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Валерий Асамбаев және Құрылыс бөлімінің басшысы Нұрлан Садыров жасады. Екіншісі, Қосшы қаласы мәслихатының 2022 жыл 17 наурыздағы №46/11-7 «Қосшы қаласында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізуге арналды. Бұл туралы «Қосшы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Бақтыбай Шәди есеп берді.

Жомарт ТҰРАР

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *