Түркістан облысында әйелін балғамен ұрып өлтірген тұрғынның өзі де асылып қалған

Жаңалықтар
view 96
news

Фотосурет: дереккөз

Түркістан облысында қызғанышқа салынған ер азамат 14 жыл отасқан зайыбын балғамен ұрып өлтірген. Қанды қылмыстан кейін ол өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы жағдайды таңертең мектепке жиналған 13 жастағы қыз байқап қалған. Ол аулада қанға боялған анасын көріп айғай салғанда, көршілері жетіп келген. Бір сәтте 4 бала жетім қалды. Олар қазір балалар үйіне тапсырылған.

Марқұм әйелдің ағасы Мырзакерім Мырқадиевтің айтуынша, келіншектің басы мен бетінде сау жер қалмаған.

Басынан балғамен ұрып, шаштарын жұлып тастаған. Бетін тану мүмкін болмады, – дейді ол.

Әпкесі Мухаббат Мырқадиева да марқұмның денесін жуған сәттегі қорқынышты көріністі жеткізді.

Шаштары қанмен қатып қалған, бетін танымай қалдық. Денесінде жарақаттан аман жер болмады, – дейді ол.

Оқиға түнгі 1 шамасында болған. Таңғы уақытта тұңғышы әкесін іздегенде оның телефонының дауысы дәретханадан шығып жатқанын естиді. Сол жерден әкесінің асылып тұрған денесін табады. Ер адам соңғы сөзін диктофонға жазып қалдырған. Онда ол қызғаныштан осындай қадамға барғанын айтқан.

Туыстарының пікірінше, күйеуінің айтқан сөзі еш дәлелсіз, қауесетке негізделген.

Полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам зайыбына дене жарақатын салып, оның өліміне себеп болған. Кейін ол өзін-өзі өлтірген, – делінген ресми ақпаратта.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *