Баласы ұрып-соққан қария ісі: әйел де тергеліп жатыр

Жаңалықтар
view 86
news

Фотосурет: ашық дереккөзден

Түркістан облысында көпшіліктің назарын аударған қайғылы оқиғаға байланысты тергеу жалғасып жатыр. Қоссейіт Садақбаев ауылында 73 жастағы Есіркеп Садықбекұлының қазасынан кейін оның денесі эксгумацияланып, сот-медициналық сараптама тағайындалды, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, марқұм қыркүйектің 2-сінен 3-іне қараған түні көз жұмған. Ол соңғы күндері дәрігерлердің бақылауында «жүрек гипертензиялық ауруы» мен «омыртқа остеохондрозы» диагнозымен болған. Алайда өмірден өткенге дейін ешқандай жарақатқа қатысты шағым білдірмеген.

Басқарманың ресми түсіндірмесінде марқұмның туыстары өлім жағдайын дер кезінде хабарламағандықтан, медициналық құжаттар уақытында рәсімделмегені айтылған. Қазір сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр, нақты қорытынды кейін белгілі болады.

Аталған іске байланысты марқұмның ұлына қатысты Қылмыстық кодекстің «Адам өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын салу» бабы бойынша іс қозғалып, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, оның зайыбына қатысты «Топ болып жасалған ұрып-соғу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл оқиға әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан кейін қоғамда үлкен резонанс тудырды. Видео кадрларында ер адамның өз әкесін ұрып жатқан сәті түсіп қалған. Кейін жанындағы әйелдің де қарияға қоқан-лоққы жасап жатқаны көрсетілді. Оқиға көп ұзамай жәбірленушінің қайғылы қазасымен аяқталды.

Пікірлер (0)

Пікір қосу

Сіздің атыңыз *
Сіздің пікіріңіз *