Израиль Газа секторына тағы да соққы жасай бастады
Фотосурет: vaticannews.va
Израиль әскері Газа секторын басып алу мақсатында оған кезекті шабуылын бастады, деп хабарлайды JANABASTAU.KZ ақпарат агенттігі.
Құрлық шабуылы дүйсенбі күні басталды. Содан соң жаппай әуе шабуылдары жасалды. Көп ұзамай, қалаға израильдік танктер кірген.
Израиль Қорғаныс күштері штабының басшысы Эйял Замир мен Моссад, бас қауіпсіздік және әскери барлау басшылары премьер-министр Беньямин Нетаньяхуға операциядан бас тартуға кеңес берген.
Олар шабуылдың мынадай зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті:
- Қаладағы израильдік кепілге алынғандардың өміріне қауіп төндіреді;
- Тель-Авивті Газаға әскери билік орнатуға мәжбүрлейді;
- Палестиналық ХАМАС қозғалысының жойылуына жол бермейді.
Осылайша, бұл операцияға наразылық білдірушілер Нетаньяху резиденциясының маңына шатырлар тіккен.
Еске сала кетсек, 21 тамызда Израиль премьер-министрі Газа қаласын бақылауға алу және ХАМАС-ты жеңу жоспарын бекіткен болатын. Ал кеше әскерлері шабуылға шықты.
«Галей Цахал» армиясы радиосының хабарлауынша, бұл операция 2026 жылға дейін жалғасады. Маневрлердің шыңына 130 мыңға дейінгі резервші тартылады.
Пікірлер (0)